Венесуэла парламенті алғашқы оқылымда саяси тұтқындарға рақымшылық беру туралы заң жобасын мақұлдады.
Құжат 90-шы жылдардың басында билікті сынағаны үшін сотталғандарды босатуды көздейді. Олар бостандыққа шыққаннан кейін тәркіленген мүлкі қайтарылады. Сондай-ақ осындай іспен халықаралық іздеуде болғандарға рақымшылық жасалады.
Мамандар жаңа құжат шетелде бас сауғалап жүрген оппозициялық саясаткерлердің елге қайтуына мүмкіндік береді деп пайымдайды. Құжаттың әзірленуіне елдің уақытша президенті Делси Родригес бастамашылық етті.
Тегтер #Венесуэла #саяси тұтқындар #заң жобасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz