RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандықтар Дубайдағы SWAT Challengе сайысының алғашқы күнінде топ жарды

07.02.2026, 21:00 429

Қазақстандықтар ((Swat Challengе)) Суот челлендждің алғашқы күнінде топ жарды. 

2 бірдей командамыз үздік үштіктен көрінді. Жауынгерлер жылдағы дәстүрден жаңылмай, қарсыластарын таңқалдырудан жалығар емес.

Мерей Қанапия, тілші:

- SWAT Challenge-дің алғашқы күні қазақстандықтар үшін сәтті өтті. "Қазақстан - С" командасы мәре сызығын 1 мин 28 секундта кесіп өтіп, көш басына шықты. Олар нысаналардың барлығына дөп тигізіп, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ал “Қазақстан - Д” құрамасы 1 мин 30 секунд көрсеткішімен екінші орынға табан тіреді. “Қазақстан - В” 4-орынға жайғасса, “Қазақстан - А” командасы үздік ондықта. Осы тұрғыда шетелдік мамандар, ұйымдастырушылар жауынгерлерімізді фавориттер қатарына қосып отыр. 

Мухаммад Адбулрауф, UAE SWAT Challenge жарысының баспасөз хатшысы:

- Қазақстаннан жыл сайын мықты командалар келеді. Олар соңғы 2 жылда өте сәтті өнер көрсетті. 2024 жылы “Сардар” жасағы үздік үштіктен көрінсе, былтыр “Сұңқар” командасы екінші орын алды. Бүгін де жерлестеріңіздің қарқынын, аяқ алысын бақылап көрдік. Шыны керек тәнті болдық. Бәрі бір-бірінен өткен мықты командалар.

Ал "Томирис" құрамасы әйелдер арасында топ жарды. Олар жарыс жолына 72-ші болып шығып, мәре сызығын дәл 2 минутта кесіп өтті. Тіпті өзге елдің ерлер құрамасы мұндай нәтиже көрсете алмады.

Балнұр Қиялбекова, "Томирис" командасының жауынгері:

- Қазір қыздар ең мықты результат көрсетті. Былайша айтқанда қыздар қазір топта бірінші орында тұр. Жалпы команда бойынша 10 мықтының арасында тұр ғой қазір. 

Биыл Swat Challenge-ге 48 елден 100-ден астам команда қатысып жатыр. Бүгін басталған жарыс 11 ақпанға дейін жалғасады.

Мерей Қанапин, Берік Шарав

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz