АҚШ Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді қайта жандандыруды ұсынып отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа кездесу келесі аптада АҚШ-тың Майами қаласында өтуі мүмкін. Киев бұл бастамаға қатысуға дайын екенін растады. Ал Мәскеу әзірге ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Еске салайық, осы аптада тараптар Абу-Дабиде келіссөз өткізген. Сол кездесуде тараптар 314 әскери тұтқынды алмасу жөнінде келісімге келген еді.
Тегтер #Ресей #Украина #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz