Италияның Когне қаласында сарқырамаға шығар жолда альпинисттің өмірі қиылды. Ол сарқыраманың шыңы, яғни 165 метр биіктікке шықпақ болған.
Алайда жолдың жартысына келгенде мұз ойылып, альпинист суға құлаған. Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша, қайтыс болған – шетелдің азаматы. Алайда оның қай жердің тумасы екені туралы нақты ақпар жоқ. Кеше Италияның солтүстігінде де қар көшіп, үш адам опат болды. Қайғылы жағдай шаңғы бойынша олимпиада ойындары өтіп жатқан Кортина-д’Ампеццо қаласының маңында болған. Батыс Еуропадағы ең биік таулардың бірі Альпіде қазір қауіптің жоғары деңгейі енгізілді. Биліктегілер туристер мен спортшыларға белгіленген орындарда ғана жүру туралы ескерту жасады.
Тегтер #Италия #сарқырама #альпинистPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz