Таиландта мерзімнен бұрын өткен Парламенттік сайлауда дауыс беру аяқталды. Қазір бюллетеньдерді санау басталды.
Сондай-ақ бүгін тай халқы референдумға қатысып, жаңа Конституция қажет па, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Елдің қазіргі ата-заңы 2014 жылы әскери төңкерістен кейін қабылданған болатын. Бұл жолғы сайлауда солшылдар мен консерваторлар және Чинаваттар әулетіне жақын партия арасында бәсеке қыза түсті. Сарапшылардың айтуына қарағанда, бір партия басымдыққа ие болуы екіталай. Сондықтан оларға коалиция құруға тура келеді. Таиланд - Оңтүстік-Шығыс Азияның екінші ірі экономикасы саналады. Алайда кейінгі жылдары ел экономикасының аяқ алысы едәуір баяулады. Өткен жылы іргесінде жатқан Камбоджамен де соғысты. Бұл елдің негізгі табыс көзі туризмге әсер етті. 3 жылда Таиландта 3 премьер-министр ауысты. Осы сайлаудың қорытындысы бойынша жаңа үкімет басшысы тағайындалуы керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таиланд #парламенттік сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz