Жапонияда билеуші партия жеңіске жетті. Экзит-полдың нәтижесіне қарағанда, премьер-министр Санаэ Такаичи басқаратын Либерал-демократиялық партия 465 мандаттың 236-на ие болды.
Үкімет басшысы жақтастарын жеңіспен құттықтады. Күншығыс елінде Парламенттің төменгі палатасы премьер-министрді тағайындау және бюджетті бекіту секілді маңызды шешім қабылдайды. Кейінгі дерек бойынша, елде сайлаушылардың 56 пайызы ғана дауыс берген. Премьер-министр Санаэ Такаичи парламенттің төменгі палатасын өткен айда таратқан еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жапония #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz