Тасқыннан ес жиып үлгірмеген Испанияда алапат дауыл тұрды.
Қазір даланы да, қаланы да су алып жатыр. Құтқарушылар құм салынған қаптардан бөгет тұрғызып әлек. Бірақ бұдан көмек шамалы. Әсіресе Кадис, Кордова және Севилья провинцияларында жағдай қиын. 180-нен аса жол апаты тіркелді. Иберий түбегінде бұған дейін тасқын егістік алқаптарын шайып, шаруалар миллиондаған еуро шығынға батқан еді. 11 мыңнан аса адам көшіріліп, 170 тас жол жабылған. Көрші ел Португалиядағы пойыздардың да жүру кестесі өзгерді.
Тегтер #Испания #дауыл #жол апаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz