Саяси доданың екінші кезеңінде Антониу Жозе Сегуру жеңіске жетті.
63 жастағы саясаткер бұрын социалистік партияның бас хатшысы болып, кейінгі жылдары ұстаздық еткен. Қазір бюллетеньдердің 97 пайызы саналып бітті. Алдын ала жарияланған нәтижеге қарағанда, Сегуруға сайлаушылардың 66 пайызы дауыс берген. Жаңа Президент келесі айдан бастап қызметіне кіріседі. Португалиядағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңінде ешбір үміткер жеткілікті дауыс жинай алмады. Мұндай жағдай елде 1986 жылдан бері болған емес. Бұл елде президент 5 жылға сайланады. Бірақ оның құзіреті шектеулі. Мәселен, үкіметтің жұмысына араласпайды. Әйтсе де, Парламент қабылдаған заңға вето қойып, заң шығарушы органды таратып, мерзімнен бұрын сайлау жариялауға құқығы бар. Сондай-ақ Премьер-министрді тағайындайды.
Тегтер #Португалия #президент #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz