Жапонияның біраз бөлігін қалың қар басты.
Жергілікті Japan Times басылымының хабарлауынша, ел астанасы Токио және Тиба, Сайтама мен Ибараки префектуралары қатты зиян шеккен. Жол бойы жағалай көктайғақ. Осының салдарынан қоғамдық көліктердің жүрісі қиындап, жол апаттары көбейген. Тіпті пойыздарда да іркіліс бар. Метеорологтар қар әлі де жауатынын ескертеді. Ақ ұлпаның қалыңдығы қазірдің өзінде кей аумақта тізеден келеді. Бұл күншығыс елі үшін ерекше жағдай.
Тегтер #Жапония #қар құрсауы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz