Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 72 мың адамнан асты. Тағы 170 мыңнан аса палестиналық жараланған.
Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Израиль оқ атуды тоқтату туралы келісімге қарамастан анклавты әлі бомбалап жатыр. ХАМАС, Израиль былтырғы 10 қазаннан бері оқ атпау режимін кемінде мың рет бұзғанын айтады. Аймақтағы ауыр гуманитарлық ахуал да оңалар емес. Бұған шекара бекетіндегі кедергілер мен логистикалық түйткілдер себеп.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Газа #ХАМАСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz