RU
Толық нұсқаға өту

Индонезия Газаға әскер жібереді

10.02.2026, 15:00 335

Индонезия билігі Газа секторына әскер жібермек. Осылайша, жағдайды тұрақтандыру ісіне атсалысады.

Бұл туралы Израильдің мемлекеттік «Кан» телерадиокомпаниясы хабарлады. Әскердің нақты саны және қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз. Индонезиялық жауынгерлер анклавтың оңтүстігіндегі  Рафах және Хан-Юнис қалалары арасындағы ауданда шоғырланады. Қазір ол жақта тұрғын үйлер салынып жатыр. Осылайша Индонезия Газаға әскер жіберген алғашқы ел болғалы тұр. Бұл АҚШ ұсынған бейбіт келісім жоспарының екінші кезеңіне жататын іс-шаралар. Аталған кезеңде сондай-ақ Израиль әскері шығарылып, ХАМАС қарусызданып, секторды қалпына келтіру ісі жүргізілуі керек. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz