RU
Толық нұсқаға өту

Әйгілі Голливудта енді кино түсірілмеуі мүмкін

11.02.2026, 08:21 410

Кинематографияның отаны, аңызға айналған Голливуд ауданынан кетіп жатқандар көп. New York Post басылымы осылай деп дабыл қақты. 

Бұған билік өкілдерімен бірге аймақ тұрғындары да алаңдап отыр. Тіпті президент Дональд Трамптың нарықты қорғау туралы мәлімдемесі де көмектеспеді. 

Әлемге аты мәшһүр Голливудтың соңғы жылдары өнім көрсеткіштері төмендеген. 2023 жылғы бұл жердегі жалпы түсірілім күні 25 мыңға жуықтаса, былтыр небәрі 23 мыңнан әрең асқан. Бұл пандемиядан кейінгі тарихтағы ең төменгі екінші көрсеткіш. Бұған сұраныстың төмендеуі емес, осы индустияның көрші штаттар мен елдерге көше бастауы себеп. Онда салық Калифорнияға қарағанда анағұрлым аз. Оның үстіне табиғи апаттар мен сценаристердің наразылық шерулері кері әсер еткен. 

Жаклин Катлер, Телевизия сыншылары қауымдастығының бұрынғы президенті, журналист:

- Калифорниядан кино саласының біртіндеп кете бастауы жылдар бойы қордаланған мәселеден. Шешімі табылмаған соң күрделеніп, қиындап кетті. Ал Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттары керісінше индустрия мамандарын өздеріне тартып, бәсекеден ұтып отыр. Калифорния әрекет етем дегенше кеш болуы мүмкін. 

Бәсекелес штаттар түрлі салықтық жеңілдіктер ұсынып, оны басқа компанияларға сатуға да мүмкіндік береді. Осының арқасында студиялар нақты қаржы үнемдей алады.

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz