АҚШ Иранға екінші армада жіберуі мүмкін. Бұл туралы Дональд Трамп Аксиос басылымына берген сұхбатында айтты.
Қазір АҚШ-тың Қатардағы Эль-Удейд базасында әскери белсенділігі артты. Онда әскери жүк көліктеріне зымырандар орналастырыла бастаған.
Рейтер ақпарат агенттігі әскери базалардың жерсерік арқылы түсірілген суреттерін жариялады. Сарапшылар АҚШ пен Иран арасы ушыққалы бері Эль-Удейд және Иорданиядағы Муваффак Салти базаларында әуе және өзге де әскери техниканың едәуір көбейгенін айтады. Бұған дейін Оманда АҚШ пен Иран делегациясы кездесіп, келіссөз жүргізген. Трамп келіссөз алдағы аптада жалғасатынын мәлімдеді. Ақ үй басшысы Иран келісімге келмесе, күш көрсетуге дайын екенін тағы да ескертті.
Тегтер #АҚШ #Иран #армадаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz