RU
Толық нұсқаға өту

Колумбия президентіне қастандық жасалмақ болды

11.02.2026, 09:10 282

Колумбия Президенті бір ажалдан қалғанын мәлімдеді. Густаво Петроның айтуына қарағанда, оған қарсы қастандық ұйымдастырылмақ болған.

Ол: «Мен отырған тікұшаққа оқ боратып, атып түсіруді ойластырған. Алайда бұл қатер дер кезінде ескертілді», - дейді Колумбия басшысы. Бұдан соң полицияның бір генералы қызметінен кетті. Ол президент көлігіне есірткі салмақ болды деген күдік бар. 

Густаво Петро, Колумбия президенті:

- Кейінгі бірнеше күнде менің өміріме үлкен қауіп төнді. Алдында шамдардың өшіп қалуынан тікұшақ екі сағат бойы жерге қона алмады. Кеше таңертең шабуыл туралы біліп, төрт сағат теңіздің үстінде бой тасалауға мәжбүр болдық. Қасымда балаларым да отырған еді. Әйтеуір басқа қалаға қонып, аман-есен жеттік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz