Германиядағы Lufthansa әуе компаниясының ұшқыштары 24 сағаттық наразылық шарасын жариялады.
Наразылық шарасы 12 ақпанға белгіленген. Осыған байланысты Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Гамбург және басқа ірі қалалардағы барлық ішкі рейстер тоқтатылмақ. Ереуілге ұшқыштар мен бортсеріктер кәсіподағы бастамашы. Ұйым қызметкерлерді қысқартуды және зейнетақы көлемін арттыруды талап етіп жатыр. Компания осының алдында қаржылық қиындыққа байланысты 4 мың адамды жұмыстан шығаратынын айтқан болатын.
Тегтер #хаар24 #жаңалықтар #Германия #наразылық #әуежайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz