RU
Толық нұсқаға өту

Әлем көктайғақпен қалай күреседі?

12.02.2026, 07:19 248

Сүт тіпті көктайғақта да аса қажет екен. 

Бұл әдісті АҚШ-тың Висконсин шататында қолданады. Қалай дейсіз ғой?!

Сүттен қаймақ, ірімшік, бәрін бөліп алған соң қалатын сары су бар емес пе? Сол сарысуды себеді. Оның құрамында натрий бар. Сол себепті дөңгелекті жеп қоятын, жол бойындағы шөпті өсірмей тастайтын тұздан көрі әлдеқайда пайдалы. Әлемде көктайғаққа қарсы тағы қандай әдістер бар? 

Жапонияның қарлы аймақтарындағы жолдарда ерекше технологияны кездестіруге болады. Бұл жүйе асфальтта орналасқан. Жер асты құбырларындағы жылы су орталық жолақ бойымен орнатылған су сепкіштерге ағады. Ал одан қарды еріту немесе мұздың пайда болуын алдын-алу үшін жолдың бетіне шашырайды. Бұл жүйе кейде ыстықпен күресу үшін жазда да пайдаланылады.

АҚШ-тың Висконсин штатында билік ірімшік зауытымен бірлесіп, көктайғақпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты. Жолдарға сүт өнімі өндірілгеннен кейін қалған сұйықтықты төгеді. Бұл сары судың құрамында шамамен 25% натрий бар. Яғни, дәстүрлі магний хлоридін алмастырады. Инженерлер оның көктайғаққа жылдам әсер ететінін және жол бетінде ұзағырақ сақталатынын анықтаған. Ал кей штаттарда жол жұмысшылары тұзды қызылша шырынымен араластырады. Бұл ерітінді тұздың жол бетіне жабысып, мұзды ерітуге көмектеседі. 

Германияда жол тұзы тек күрделі жағдайларда қолданылады. Көптеген қалаларда оған тыйым салынған. Өйткені қоршаған ортаға зиян. Жол бойындағы өсімдіктер мен жануарлардың табанына зақым келтіруі мүмкін. Оның орнына коммуналдық қызметтер құмнан немесе әктастан тұратын үгінділерді пайдаланады. Ал Баварияда көктайғақпен күрес үшін балама ретінде тұздалған қияр суы  қолданылады. Бұл экожүйеге кері әсерді азайтады.

Мөлдір Жақан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz