RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде лаңкестік әрекет өршіп тұр

12.02.2026, 07:33 275

Жаһандық терроризм индексі бойынша Африканың 5 еліндегі жағдай көңіл көншітпейді.

Нақтырақ айтқанда, Буркина-Фасо, Мали, Сомали, Нигерия және Нигерде лаңкестік әрекет өршіп тұр. Таяуда Нигерияның солтүстік-шығысында ел ішіне бүлік салған, Боко-Харам лаңкестік тобының 11 мүшесі ұсталды. Қарулы топтың қолынан 162 бейбіт тұрғын көз жұмған. Бұл ұйым 2000 жылдан бері түрлі лаңкестік әрекеттерге қатысып келеді. 

2015 жылы іргедегі көршісі Камерун, Чад, Нигердегі тұрғындардың титығына тиіп, Чад өзеніндегі шабуыл кезінде 2 мың адам оққа ұшты. Жалпы Африкадағы өлім-жітімнің 59%-ы терроримзммен байланысты. Бірікен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің дерегіне сүйенсек, 2024 жылы қара құрлықта 3400 лаңкестік оқиға болып, 14 мың адам қаза тапқан. "Боко Харам", "Аш-Шабаб", "Джамаат Нусрат әл-Ислам валь-Муслимин", және "Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті" сынды ұйымдар діни алауыздық туғызып, ойран салуын тоқтатар емес.

Лаңкестік жайлаған елдер

БУРКИНА-ФАСО

МАЛИ

СОМАЛИ

НИГЕРИЯ

НИГЕР

Муса Мухаммед, тұрғын:

- Олар балалар мен әйелдерді күштеп бөлек алып кетті. Егер қолдарына ер адамдар түссе, бірден өлтіріп тастайды. Қазір қауіпсіз жерде орналасқанымызбен тұрмысымыздың ары қарай оңалып кетуі екіталай. Үміт жоқ. Үрей басым.

Лаңкестердің ішінде жасөспірімдер көп

Қазірде лаңкестік шабуылдан тұтас әлем қауіптеніп отыр. Оны Таяу Шығыстағы зұлым күштер соғыс тәсілі ретінде қолданып жүр. Соның ішінде ең қауіптісі ДАИШ лаңкестік ұйымы. 2013 жылы "Әл Каида"-ның құрылымы ретінде көзге көрінген ұйым Халифат құрамыз деген желеумен Ирак, Сирия елдерінде ойран салған болатын. Ұйым әлеуметтік желіні пайдаланып, әлемнің түкпір-түкпірінен жастарды тартып жатыр. Ресми дерекке сүйенсек, 2024 жылы лаңкестік әрекетке қатысы бар  әр бесінші күдіктінің жасы 18-де болған. Қазір үлкен де, кіші де интернет қарайды. Лаңкестер Telegram-дағы жабық арналар, чат-боттар, веб сайттар мен ойын плафтвормалары арқылы жасөпірімдерге үгіт-насихатын жүргізуі мүмкін.  

Александр Зуев, БҰҰ Терроризммен күрес басқармасы бас хатшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

- ИГИЛ тарапынан төнетін қауіп тұрақты түрде артып келеді. Барған сайын көпполярлы әрі күрделі сипатта өршіп барады. Терроризмге қарсы күштердің қысымына қарамастан олар бейімделуді жалғастыруда. Шетелдік жауынгерлерді тартып, жаңа технологияларды қолдану аясын кеңейтті. Сондай-ақ мүмкіндікті пайдаланып қаражат жинау, заңсыз салық салу және адамдарды кепілге алып, төлем талап ету арқылы қаржы жымқыру сынды әрекеттерге барған. 

Қазірде әлем назары Украинадағы соғыс, Газа секторындағы қақтығыс және Қытай-АҚШ арасындағы шиеленіске ауды. Ал терроризм мәселесі назардан тыс қалды, дейді халықаралық қауымдастық өкілдері. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы кеш қалмай, күш біріктіріп лаңкестікпен күресуге шақырды. Қазір әлемде 500-ге жуық ірілі-ұсақты террористік және экстремистік діни топтар бар. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде 22 террористік діни ұйымға тыйым салған.

Әлемде лаңкестік әрекеттер тек мұсылман әлеміне тән құбылыс деген қате түсінік қалыптасып отыр. Анығында жазықсыз адамзатқа қарсы жасалған кез келген әрекет терроризм деп бағаланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz