RU
Толық нұсқаға өту

Трамп пен Нетаньяху: Иран келіссөзі жалғасады

12.02.2026, 09:00 290

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин  Нетаньяхумен Вашингтонда жабық есік жағдайында кездесті.

3 cағатқа созылған жиында  негізінен Иран мәселесі талқыланған. Кездесу қорытындысы туралы Truth Social желісінде жариялаған Дональд Трамп Тегеранмен дипломатиялық келісімге қол жеткізу әрекетін жалғастыратынын айтты. Сондай-ақ АҚШ президенті Иранның бұған дейін келісімнен бас тартқанын еске салып, бұл жолы Иран «ақылға қонымды әрі жауапты ұстаным танытады» деген үмітін білдірді. Айта кетейік, Трамп қызметіне қайта кіріскелі  Нетаньяхумен осымен жетінші рет кездесті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz