RU
Толық нұсқаға өту

ЕО киім қалдықтарын жоюға тыйым салды

12.02.2026, 17:38 232

Еуропалық Одақ жаңа шектеу енгізді. Осы жаздан бастап сатылмай қалған тоқыма өнімдерін жоюға рұқсат етілмейді. 

Брюссель бұл қадам қалдық көлемін азайтып, қоршаған ортаны ластаудан қорғайды деп есептейді. Сонымен қатар ұйым қайта өңдеу мен қайта пайдалануға басымдық беретін компанияларға қолдау көрсетуді көздеп отыр. 

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Бұл – қаланың ең қарбалас сауда көшелерінің бірі. Мұнда әлемдік брендтер мен шағын дүкендер қатар орналасқан. Дәл осындай сала ойыншылары үшін Еуроодақ ережелерді өзгертіп жатыр. Бұрын өтпей қалған киім- кешегін өртеп немесе жойып келген компаниялар енді олай істей алмайды.

Еурокомиссияның бағалауынша, Еуроодақта жыл сайын сатылмай қалған тауарлардың 9 пайызға жуығы жойылады. Соның салдарынан қалдық көлемі артып, атмосфераға көмірқышқыл газы бөлінеді. Жаңа ережелерге сәйкес, ірі компаниялар бұл тәжірибені биылғы шілдеден бастап, ал орта бизнес 4 жылдан кейін тоқтатуы тиіс. Сонымен қатар, кәсіпорындар сатылмай қалған өнімдер туралы деректерді жариялап, оларды жоюдың орнына қайта сату, қалпына келтіру, қайырымдылыққа беру сияқты жолдарын іздеуі қажет.

ЦИТАТА:

«Жаңа бастаманың арқасында текстиль өнеркәсібі табиғатқа зиян келтіруін азайтып, қайта пайдалану мен өңдеуге көбірек мән бере бастайды. Бұл біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, сыртқы тәуелділігімізді азайтады».

Джессика Росуэлл – Еуропалық комиссияның қоршаған орта, су ресурстарының тұрақтылығы және бәсекеге қабілетті циркулярлық экономика жөніндегі комиссары Лю Постек – Брюссель орталығындағы бұрын тұтынылған ескі киімдерді сататын дүкеннің иесі. Ол бұл салада он жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпкер бұрын көпшіліктің қызығушылығын туғыза бермеген саланың трендке айналғанын айтады. Еуроодақтың жаңа ережелерін Лю толықтай қолдайды. Оның айтуынша, бұл жай ғана бюрократиялық шешім емес, күнделікті тұтынатын заттарға басқа

қырынан қарауға бағытталған қадам.

Лю Постек, секонд-хэнд дүкенінің иесі:

- Бұрын тауарлардың өмірі ұзақ болатын. Ал қазір «жылдам мода» деген шығып, салдарынан киімнің ғұмыры қысқарды: адамдар оны бірнеше ай ғана киіп, тастай салатын болды. Жоюға тыйым салу – заттарға жауапкершілікпен қарауға бетбұрыс жасалғандығының белгісі.

Еуропалықтар бұл бастаманы қолдап, ақылға қонымды шешім деп есептейді. Көпшіліктің пікірінше, өндірілген өнімді жойғаннан гөрі балама жолдар ізеген жөн. «Мәселен, оларды сыйға беріп, жеңілдікпен сатуға, қалпына келтіруге немесе қайта өңдеуге жіберуге болады», - дейді олар.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz