RU
Толық нұсқаға өту

Швейцария халық санын шектеуі мүмкін

13.02.2026, 07:30 254

Швейцария халық санын шектеуі мүмкін. Екі жыл бұрын көтерілген бастаманы қолдап, 100 мың адам қол қойған.

Қазір елде шамамен 9 млн адам тұрады, олардың төрттен бірі шетелдік. Жаңашылдыққа сәйкес, халық саны 9,5 млн-нан асқан жағдайда, билік тұрақты тұруға рұқсат алу ережелерін қатаңдатуы тиіс. Сонымен қатар Еуроодақпен бірлесіп жасалған азаматтардың еркін жүріп-тұруы туралы келісімін қайта қарау ұсынылмақ. Ел халқы тұрғын үй тапшылығын және жалдап тұру ақысының қымбаттағанын алға тартып отыр. Ал қарсы тарап бұл шектеулер еңбек күші тапшылығын туындатуы мүмкін екенін айтып, экономикаға қауіп төнетінін ескертеді. Жоспар бойынша референдум 14 маусымға белгіленген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz