RU
Толық нұсқаға өту

ОАР-да су тапшылығы апат деп бағаланды

13.02.2026, 08:00 276

Оңтүстік Африкада су тапшылығы ұлттық апат деп бағаланды. Елдегі ең ірі қала, 5 млн адам тұратын Йоханнесбургтің көптеген ауданында 3 аптадан бері су жоқ.

Осыған байланысты тұрғындар бас көтеріп, биліктен мәселені тез арада шешуді талап етіп жатыр. Үкімет су тасып әлек. Алайда мүлде мардымсыз. Оның үстіне Оңтүстік Африка Конституциясының 27 бабында «Су – негізгі адам құқығы» деп жазылған екен. Бірақ билік жергілікті тұрғындарды тіршілік көзін үнемді пайдалануды мүлде білмейді деп айыптады. Мысалы, Гаутенг провинциясында күніне әр адам 249 литр су пайдаланады. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен 60 пайызға жоғары. Елде су қоймалары құрғап, мал қырыла бастады.

Сирил Рамафоса, ОАР президенті:

- Су қазір біздің елдегі көптеген азаматтар үшін бірден бір ең маңызды мәселеге айналды. Бұл дағдарыс ірі қалалардан бастап кішігірім елдімекендерге дейін қамтып отыр. Наразылық шаралары да өтіп жатыр. Біз Конституциямыз мен Су қызметі актісін басшылыққа ала отырып, құзыретімізді кеңінен пайдаланғалы отырмыз. Қатаң шаралар қабылдаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz