RU
Толық нұсқаға өту

Португалия әлеуметтік желіні шектейді

13.02.2026, 13:50 204

Португалия Парламенті кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер үшін әлеуметтік желіні пайдалану құқығын шектеу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.

«Ассошиэйтед Престің» хабарлауынша, премьер-министр Луис Монтенегро ұсынған құжатты 148 депутат қолдаған. Заң жобасына сәйкес, жасы 13-ке толмаған балаларға әлеуметтік желіге мүлде кіруге болмайды, ал 13 пен 16 жас аралығындағы жеткіншектер Instagram, TikTok пен Facebook-қа тек ата-анасының рұқсатымен ғана қосыла алады. Құжат жақында тиісті комиссия қарауына ұсынылып, әрі қарай соңғы рет дауыс беріледі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz