RU
Толық нұсқаға өту

Украина бойынша келіссөздер Женевада жалғасады 

14.02.2026, 09:16 290

Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер 17-18 ақпанда Женева қаласында жалғасады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

Ақпаратты Киев те растады. Кездесу үш жақты форматта өтеді. Мәскеу атынан делегацияны Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Украина тарапынан Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров қатысады. Ал АҚШ-тан кім өкілдік ететіні әзірге белгісіз. Еске сала кетейік, алдыңғы келіссөздер 4-5 ақпан күндері Абу-Даби қаласында өткен еді. Онда тараптар 314 әскери тұтқынды алмасу жөнінде келісімге келді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz