Франциядағы Лувр мұражайына жалған билет сатқан алаяқтар ұсталды. Олар жалпы сомасы 10 миллион еуро болатын қаражатты иемденген.
Жеңіл жолмен пайда табуды көздегендер арасында мұражай қызметкерлері мен экскурсия жүргізушілері бар. Бұл іске барлығы тоғыз адамның қатысы бары анықталған. Тергеу мәліметі бойынша, олар жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жалған билеттерді қымбат бағаға сатқан. Алаяқтардың арбауына түскендердің дені Қытайдан келген туристер. Болжам бойынша, қылмыстық топ түскен табысты Франция мен Дубайдағы жылжымайтын мүлікке инвестициялаған. Полиция 1 миллион еуро қолма-қол ақша тәркілеп, банктік шоттарда сақталған тағы 500 мың еуроны бұғаттады.
Тегтер #Лувр #алаяқтар #қымбат билетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz