RU
Толық нұсқаға өту

Қытай тағы екі елге визасыз режим енгізеді

16.02.2026, 07:30 343

Ел азаматтары Қытайға 30 күнге дейін визасыз кіріп-шыға алатыны белгілі. Енді көрші ел Ұлыбритания мен Канада азаматтарына да дәл осындай жеңілдік жасайды.

Виза туристік және іскерлік сапарларға, сондай-ақ транзиттік мақсатта беріледі. Жеңілдетілген тәртіп жыл соңына дейін күшінде болады. Тараптар тақауда ресми сапарлар аясында келісім жасады. Бейжің мен Лондон экономика, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында бірқатар ынтымақтастық құжаттарына қол қойды. Ал Оттавамен қытайлық электр көліктеріне тарифтерді 16 есеге азайту келісті. Бұған қоса Қытай Канададан жеткізілетін кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне баж салығын төмендетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz