Францияның оңтүстік-батысында «Нильс» дауылынан кейінгі су тасқынының зардабын жою жұмыстары жалғасуда.
Әсіресе Жиронда және Лот-и-Гаронна аймақтарында ахуал күрделі. Табиғи апаттың салдарынан үш адам қаза тапқан. Мамандар жарықсыз қалған 900 мың тұтынушының тең жартысын электр қуатына қайта қосты. Ахуалды тұрақтандыру үшін билік үш мыңға жуық маманды жұмылдырды. Су деңгейінің әлі де жоғары болуы құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп тұр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Франция #су тасқыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz