Әлемдегі әр оныншы бала артық салмақтан зардап шегіп жүр.
Бұл шамамен 188 млн жеткіншек. Мұндай ащы мәліметті ЮНИСЕФ таратты. Мамандар балалар арасындағы семіздікке негізгі себептің бірін мектептегі тамақтың дұрыс болмауынан көреді. Нәрлі тағам тек 104 мемлекетте ғана бар екен. 80 елде ас мәзіріне міндетті талап қойылады. Ал кейбірі зиянды тамақ түрлерін жарнамалауға шектеу енгізілген. Мектептегі тамақ мәселесін әлем елдері қалай шешіп жатыр?
АҚШ-та Тамақтанудың ұлттық бағдарламасы 1946 жылы қабылданған. Қазір ол бойынша 30 миллион бала күнде тегін немесе жеңілдекпен ас ішеді. Бірақ кейінгі кездері оқушылар арасында семіздік күрт өсті. Әр үшінші оқушы толық. Себеп ретінде тағамдарда қант, тұз және майдың көп болуы. Сосын жеміс пен көкөніс жетіспейді. Содан 2010 жылы талап қатаңдап, мәзірге жеміс, көкөніс пен ботқа көбірек қосылды. Бірақ ұсынылған мәзір тамағын оқушылардың өзі жемей қойған. Сондықтан 2020 жылы кейбір талаптар жұмсартылды.
Швеция
Еуропадағы балалар семіздігінің ең төмен көрсеткіштерінің бірі Швецияда. 1937 жылдан бері заңның негізінде елдегі барлық оқушыға тегін тамақ беріледі. Осы мақсатта мемлекет жыл сайын 300 млн еуро бөледі. Көптеген мектепте балалар тамақ пен салатты өзі таңдайтын жүйе жұмыс істейді. Оқу орнында тәтті сусын, пешене мен балмұздаққа тыйым салынған.
Жапония
Жапонияда мектепте түскі асты Екінші дүниежүзіліктен соғыстан кейін енгізе бастады. Мектептегі тамақтану туралы заң 1654 жылы қабылданған. Бұл елде балалар дұрыс тамақтанудың маңызын үнемі талқылап тұрады. Оларға ас қабылдаудың оңды әдеттері үйретіледі. Негізгі тағам әрине күріш. Бірақ басқа елдердің де тамағы енгізілген. Жапон мектептерінің 80%-ы ыстық ас береді. Ингредиенттердің шығынын ата-аналар өзі көтереді.
Ернат Қашқынов
Тегтер #әлемде #мектеп асханасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz