RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда бір күнде 285 млн адам жолға шығады

17.02.2026, 07:45 239

Қытай халқы Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың алғашқы күні 285 миллион адам жолға шығады. Елдің көлік министрлігінің мәліметіне қарағанда бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары. Көктем мерекесіне орай жолаушылар қалааралық бағыттар бойынша автожолдармен көп жүрген. Сонымен қатар әуе қатынасы мен теміржол қозғалысы да үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сұраныс артып жатса рейстер саны көбейтіліп, қосымша пойыздар іске қосылады. Мамандардың айтуынша, жолаушылар ағынына қарамастан, жүйе жұмысында ақау жоқ әзірге. Қытайдағы ресми демалыс тоғыз күнге созылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz