АҚШ Таяу Шығыстағы әскери әуе күштерін күшейтті. Өңірге 18 "F-35A" жойғыш ұшағы жіберілді.
Олар Ұлыбританиядағы әуе базасынан шығып, аймаққа ірі жанармай тасушы әуе көліктерінің сүйемелдеуімен жеткен. Сарапшылар бұл қадамды Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленістің күшеюімен байланыстырады. Бұған дейін АҚШ Иордания аумағына осы үлгідегі тағы 12 жойғыш ұшағын орналастырған еді. Қазір өңірдегі F-35A ұшақтарының жалпы саны 30-ға жетті.
Тегтер #АҚШ #Таяу Шығыс #әскер #сарапшыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz