Женевада АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарлама және санкцияларды алу бойынша келіссөздің екінші кезеңі аяқталды.
Кездесуге Оман араағайындық танытып, дипломатиялық өкілдік ғимаратын ұсынған. Иран делегациясын Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи, ал америкалық тарапты Таяу Шығыс бойынша арнаулы өкіл Стив Уиткофф пен кәспкер Джаред Кушнер бастап барды. Ақпарат құралдарының жазуынша, келіссөз тікелей емес, жанама түрде өткен. Оған қатысушылар техникалық аспектілерді талқылап, келісімшарттың заңдық және экономикалық қырларын ортаға салды. Естеріңізге сала кетейік, Женевадағы басқосу – 6 ақпанда Оманда басталған диалогтың жалғасы.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Иран #ЖеневаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz