Кубада жанармай қасқалдақтың қанындай тапшы болып барады.
32 мыңнан астам жүкті әйел ультрадыбыстық тексеруден өте алмай отыр. Дәрі-дәрмек жеткізу мен вакцина алу да қиын. Ал қалаларды қоқыс басып барады. Өйткені ел астанасы Гавананың өзінде қоқыс шығаратын 106 көліктің 44-і ғана рейске шығады. Бұған АҚШ-тың Венесуэладан Кубаға мұнай тасымалдауды шектеуі себеп. Каракас бұған дейін "Бостандық аралына" күн сайын 35 мың баррель мұнай жеткізіп тұрған.
Тегтер #Куба #жанармай #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz