Үндістан жасанды интеллект саласын дамытуға 200 миллиард доллар бөледі.
Қомақты қаражат деректер орталығының құрылысына жұмсалады. Үнді билігі Нью-Делиді ең ірі технологиялық хабқа айналдыруды көздеп отыр. Бұл жөнінде осы елдің ақпараттық технология министрі мәлімдеді. Қазір технология саласындағы алпауыт компаниялар да Үндістандағы инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салғалы отыр. Алдағы 5 жылда Гугл ((Google)) 15 миллиард доллар, Майкрософт ((Microsoft)) 18, ал Амазон ((Amazon)) 35 миллиард доллар қаржы бөлуге ниетті. Қаражат бұлтты қызметтер мен қуатты есептегіш жүйелер құру үшін жұмсалады.
Тегтер #Үндістан #жасанды интеллект #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz