RU
Толық нұсқаға өту

Парижде көлік шығарындылары азайды

18.02.2026, 16:40 182

Франция астанасының ауа сапасы кейінгі 10 жылда айтарлықтай жақсарған.

Airparif агенттігінің дерегіне қарағанда, осы кезеңде азот диоксидінің деңгейі 45, ал ауадағы ұсақ бөлшектер мөлшері 35 пайызға төмендеген. Мамандар мұндай нәтижені көлік қозғалысын реттеуге бағытталған экологиялық саясатпен  байланыстырады. 2019 жылы шаһарда «төмен шығарындылар аймағы» жүйесі енгізіліп, аудандар экологиялық санаттарға бөлінді. Сол бойынша дизель және бензинмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Бірақ бастамаға көзқарас әртүрлі. Бірқатар сарапшы бұл әлеуметтік теңсіздікке әсер етуі мүмкін десе, енді бірі экологиялық тиімділігін алға тартады.

Николя, жергілікті тұрғын:

- Тұрғындар жеке автокөлікке қарағанда, велосипед пен қоғамдық көлікті көбірек пайдаланады. Көпшілік жаяу жүргенді де әдетке айналдырған. Соның арқасында қалада ауаның сапасы жақсарып келеді деп ойлаймын. Билік те жаяу жүргіншілерге қолайлы орта жасауға барынша күш салып жатыр.

Меди, такси жүргізушісі:                       

- Парижде көліктің ауаға әсерін азайтуға бағытталған ережелер бұрыннан бар. Кей аудандарда қозғалысқа шектеу қойылған. Қала қызметкерлері соның орындалуын қадағалайды. Мен жүргізуші ретінде мұны дұрыс шешім деп санаймын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz