RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан - АҚШ тауар айналымы

19.02.2026, 12:58 199

Жоғарыда Мемлекет басшысының Вашингтонға барғанын айттық. Осы орайда АҚШ бізге не берді, біз ол жақтан не күтеміз деген заңды сұрақ туады, әрине.

Америка Құрама Штаттары – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Былтыр арадағы тауар айналымы 3 млрд доллардан асты. Мұнда импорттың үлесі басым. Яғни экспорт көлемі 1 млрд доллардан асса, импорт 2,15 млрд долларға жетті. 

Экспортты жіктесек, біз негізінен пайдалы қазбаларды мұхит асырып отырмыз. Оның ішінде шикі мұнайға экспорттың 35 пайызы тиесілі. Сонымен қатар уранның үлесі 28 пайызға жуықтап, 286 млн долларға жетті. Ал алдыңғы үштікті 17,2 пайызбен күміс түйіндейді. Бұдан бөлек, экспорттық тауар қатарында ферроқорытпа, тантал мен титан сияқты элементтер бар.  

Ал импорт тауарлардың басым бөлігі – жоғары технологиялық жабдықтар. Былтыр біз АҚШ-тан 267 млн долларға автокөлік сатып алдық. Сонымен қатар 77,3 млн долларға дәрі-дәрмек пен 57,7 млн долларға медициналық жабдықтарды импорттадық. Және мұхиттың әр жағынан елге көлік қозғалтқыштары, вакцина мен құбыр сынды өнімдер көп көлемде жеткізілген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz