RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ: Суданға $1,6 млрд қаржы керек

20.02.2026, 10:19 278

Судандағы гуманитарлық жағдайды тұрақтандыру үшін жыл соңына дейін 1,6 миллиард доллардан астам қаржы керек. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. 

Құрылымның ресми өкілі Стефан Дюжарриктің айтуынша, көмек тек ел ішіндегі тұрғындарға ғана емес, көрші мемлекеттерге босып кеткен шамамен 6 миллион адамға да бөлінуі тиіс. Қақтығыстардың жалғасуынан мыңдаған тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз аймақтарға көшуге мәжбүр болған. Осы себепті ұйым Халықаралық қауымдастықты қаржылық қолдауды күшейтуге шақырып отыр. Ал қақтығысушы тараптарға халықаралық құқықты сақтау қажеттігін еске салды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz