Марк Цукерберг «Инстаграм жасөспірімдерді өзіне тәуелді қылады» деген пікірді жоққа шығарды.
Meta басшысы әлеуметтік желінің балалардың сана-сезіміне теріс әсер етуі мүмкін бе деген сұрақ бойынша сотта осылай деп жауап берді. Миллиардерге қолданушыларды қосымша ұзақ ұстау үшін арнаулы айла жасайды деген айып тағылған еді. Сотқа арызды АҚШ азаматы түсірген. Ол Инстаграмға тәуелділіктен кейін күйзеліске ұшырағанын, тіпті өзіне қол жұмсау туралы ойлар келгенін айтып, шағымданған. Сот отырысы алқабилердің қатысуымен наурыз айының соңына дейін жалғасады. Егер Meta ұтылса, ірі көлемде өтемақы төлейді. Сарапшылар «бұл үдеріс үлкен технологиялық корпорациялардың қолданушыларға зиян келтіру бойынша сот істеріне жол ашып беруі мүмкін» деп топшылайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #инстаграм #Марк Цукерберг #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz