Газа секторындағы тұрақтандыру күштеріне 5 елдің әскері тартылады. Бұл туралы Бейбітшілік кеңесінің отырысында Халықаралық тұрақтандыру күштерінің қолбасшысы Джаспер Джефферс мәлімдеді.
Жаңадан құрылып жатқан қауіпсіздік құрылымында қызмет ету үшін медицина мамандары мен азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар да тартылады.
Джаспер Джефферс, Халықаралық тұрақтандыру күштерінің қолбасшысы, генерал-майор:
- Алғашқы орта мерзімді қадамдардың арқасында Газада қауіпсіздік орнап, тұрақты даму мен ұзақ мерзімді бейбітшілікке жол ашылады. Халықаралық тұрақтандыру күштерінің құрамында 12 000 полиция қызметкері мен 20 000 әскери қызметкер болуы тиіс. Бұл тұста әскер жіберетін Индонезия, Марокко, Қазақстан, Косово және Албанияға алғысым шексіз. Ал Мысыр пен Иордания полиция күштерін даярлаумен айналысады. Бұл – Газаның болашағын жарқын ету мен бейбіт өмірге алғашқы қадам.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Газа #әскерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz