RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Иран арасы ушығуы мүмкін

21.02.2026, 11:18 232

Ақ үй басшысы ядролық келісімге қол жеткізілмесе, басқа қадамға баруы мүмкін екенін ескертті.

Иранға 10-15 күн уақыт беріп, нәтиже болмаса әскери шара қолданудан тайынбайтынын жеткізді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Пентагон аймақтағы күштерін қайта орналастырып, әскери операцияға дайындықты күшейткен.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Иранмен мәмілеге келу оңайға соқпайтынын түсіндік. Бітімге келмесек, жағдай ушығуы мүмкін. Кей сұрақтарға келгенде әлі де көзқарасымыз бір-бірінен алшақ. Әзір жағдайды бақылауда ұстап отырмын. Бар мәселе – ядролық қаруда. Одан бас тартпайынша Таяу Шығыста бейбітшілік орнамайды. Иранның бізге қосылудан басқа амалы жоқ. Салдары ауыр болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz