Флорида әуежайы Дональд Трамптың есімімен аталуы мүмкін.
Штаттың заң шығарушы органы Палм-Бич халықаралық әуежайын АҚШ президентінің атымен атау жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Құжатты 25 сенатор қолдады. Олардың басым бөлігі Республикалық партия мүшесі. Ал демократтар қарсы шықты. Енді соңғы шешімді губернатор қабылдайды. Алдын ала ақпарат бойынша аталған жобаны жүзеге асыру үшін 5 миллион доллар көлемінде қаржы бөлінбек. Қаражат жаңа маңдайшаларды жасауға, бірыңғай форма мен ребрендингке және жарнама үшін жұмсалады.
Тегтер #АҚШ #Флорида #әуежай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz