АҚШ үкіметінің 43 күнге жұмысын тоқтатуы ел экономикасына кері әсерін тигізді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Сауда министрлігінің есебіне сәйкес, өткен жылдың төртінші тоқсанында АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі 1,4%-ға өсті. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 3%-ға төмен және экономистердің болжамынан екі есе аз. Бұған мемлекеттік шығындардың және тұтынушылық шығыстардың қысқаруы, сондай-ақ инфляцияның күшеюі әсер етіп отыр. Дегенмен сарапшылар, шатдаунның теріс ықпалы алдағы айларда салық жеңілдіктері мен жасанды интеллектке салынатын инвестициялар есебінен өтеледі деп болжап отыр.
Тегтер #АҚШ #ЖІӨ #өсім #ЖИPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz