RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістан Ауғанстанға әуе шабуылын жасады

22.02.2026, 11:00 285

Пәкістан көршісі Ауғанстанға әуе шабуылын жасады. Бұл туралы «Әл-Жазира» хабарлаған.

Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі «әуе соққыларынан Нангархар провинциясында медресе мен тұрғын үйлер қирағанын және 17 адамның қаза тапқанын» мәлімдеді. Ресми Исламабад «Техрике Талибан» ұйымының лаңкестері бекінген орындарды бомбаладық» дейді. Олардың пайымынша, Ауғанстандағы содырлар жақында Пәкістан астанасындағы шиіттердің мешітінде жанкештілер арқылы жарылыс ұйымдастырып, 31 адамның ажалына себепші болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz