RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп импорттық баж салығын 15%-ға көтерді

22.02.2026, 11:15 253

АҚШ президенті Дональд Трамп әлем елдеріне қатысты енгізілген импорттық баж салығын бірден 15 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Кеше бұл көрсеткіш тек 10 пайыз ғана болатын. Ақ үй басшысы бұл жайлы Truth Social желісінде жариялады. Президент парақшасындағы постта соттың ұстанымы «Америка мүддесіне қарама-қайшы» деп сынға алынды. Оның айтуынша, алдағы бірнеше ай ішінде әкімшілік заң аясында рұқсат етілген жаңа тарифтерді айқындалып, ресми түрде бекітіледі. Естеріңізге сала кетейік, өткен жұмада АҚШ-тың жоғарғы соты президент Дональд Трамптың төтенше өкілеттікке сүйеніп енгізген тарифтерінің басым бөлігін тоқтатып тастаған еді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz