Таиландтағы хайуанаттар бағында 72 жолбарыс қырылып қалды. Зертхана сынамасы олардан етқоректілер обасы вирусы мен тыныс алу жолдары үшін аса қатерлі бактерияларды анықтаған.
Таиландтың Ұлттық мал шаруашылығы департаменті басшысының айтуынша, үй жануарларына қарағанда жолбарыстардың ауруға шалдыққанын анықтау қиынырақ, өйткені олар оқшау жерде өмір сүреді. Сондықтан жыртқыштардың вирус жұқтырғаны кеш белгілі болған. Қазір хайуанаттар бағы 2 аптаға жабылды. Тірі қалған жолбарыстар карантинге қамалып, оларға екпе салынып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таиланд #жолбарысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz