RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда бала туу көрсеткіші төмендеп келеді

22.02.2026, 17:00 243

Өзбекстанда осымен екінші жыл қатарынан бала туу көрсеткіші азайды.

Елдің ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, шаңырақ көтеретіндердің де саны жылдағыдан 272 мыңға кеміген. Бұл кейінгі 10 жылда тіркелген ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Сарапшылар мұның бірнеше себебі барын айтады. Біріншісі, ол әрине әлеуметтік жағдай болса, екіншісі қыздардың ерте тұрмыс құру үрдісі төмендеген. Бұған бала туғанда берілетін кейбір қаржылай көмектің қысқаруы да себеп.

Сидора Рахимова көп балалы ана. Балабақша меңгерушісі өзінің 6 перзентінен бөлек тағы он алтысын асырап алған. Патронатты тәрбие бергені үшін мемлекеттен аз-кем көмек алады. Жүрген жерінде бала асырап алуды насихаттайды екен.

Сидора Рахимова, көп балалы ана:

- Әр балаға ерекше күтім керек. Бұл жеткіншектердің тағдыры ауыр. Көбісі ата-аналарынан ерте айырылған. Маған салса бәрін бауырыма басқым келеді. Бірақ оған мүмкіндік жоқ. Халық санының өскені жақсы. Бірақ бізге саналы, сапалы ұрпақ керек.

Биыл тәуелсіз Өзбекстан тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық санақ науқаны өтіп жатыр. Еріктілер үй-үйді аралап, адамдарды тіркеуге алады. Жалпыхалықтық санақ бұл тұрғындардың санын ғана емес, әлеуметтік статусын анықтауға мүмкіндік бермек.

Шухрат Шойинов, Ташкент облысы Озодлик ауылының әкімі:

- Әрбір үйге кіріп, тұрғындардың қандай іспен айналысатынын, олардың мамандығын, істеп жатқан жұмысын бәрін есепке аламыз. Бұл біз үшін маңызды. Ертең санақ аяқталғаннан кейін егер жағдайы төмен отбасылар болса, оларға көмек беріледі. жұмыссаздарға, екі қолға бір күрек табылады.

Ұлттық ститистика комитетінің мәліметінш, кейінгі екі жылда Өзбекстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Былтыр 879 мың сәби дүниеге келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5 пайызға кем. Сарапшылар бұл жағдайды 90-жылдардағы демографиялық құлдыраумен салыстырып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz