Әлемде алтынға деген сұраныс артып келеді. Бағалы металлдың құны трой унциясы үшін 5 мың 150 доллардан асты.
Бұл – қаңтар айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар бағаның күрт өсуін доллар бағамының әлсіреуімен, сондай-ақ АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіспен байланыстырады. Геосаяси тұрақсыздық пен инфляциялық қысым күшейген тұста әлемдік инвесторлар алтынды сенімді капитал ретінде қарастыруға көшті.
Васу Менон, Oversea‑Chinese banking corporation инвестициялық стратегия жөніндегі басқарушы директоры:
- Жаһанда алтын бағасына әсер ететін ұзақ мерзімді факторлар көбейді. АҚШ-тың сауда саясаты мен Иран төңірегіндегі жағдай тұрақсыз болып тұр. Бұл – кейінгі айлардағы қарқынды өсімнен кейін металл бағасы қайта құбылуы мүмкін екенін білдіреді.
JP Morgan Chase болжамы бойынша, жыл соңына қарай алтынның орташа бағасы унциясына 6 мың 300 долларға жетуі мүмкін. Айта кетейік, кейінгі жылдары металды әсіресе орталық банктер үлкен көлемде сатып алып жатыр. Сарапшылар бұл үдеріс биыл да тұрақты жалғасады, орталық банктер тағы 800 тонна алтын сатып алады деп жорамалдайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #алтын #нарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz