Биткоин бір тәулікте 5%-ға арзандады. Криптовалюта бағамы 64 мың 700 долларға дейін төмендеген.
Биржалар деректеріне сүйенсек, қазір негізгі сатылымдар ірі инвесторлар тарапынан жүріп жатыр. Биткоиннің құлдырауына саудадағы тұрақсыздық әсер етсе керек. Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-қа импортталатын тауарларға баж салығын 15%-ға дейін көтеретінін мәлімдеген еді. Forbes басылымының ақпаратына жүгінсек, криптовалюта нарығы саябырсып қалғандықтан, биткоин бағамы сәуір айына дейін төмен деңгейде қалуы мүмкін. Еске салайық, былтыр қазан айында биткоин бағасы 125 мың доллардан асып, тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткен еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #биткоин #нарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz