RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Газа секторына цифрлық доллар енгізеді

24.02.2026, 09:39 166

Дональд Трамп әкімшілігі Газа секторына цифрлық доллар енгізуді жоспарлап отыр.

Арнаулы диджитал валюта ретінде АҚШ долларына байланған стейблкоин қолданылады. Мұны "Файнэншл таймс" басылымы хабарлады. Жоба жаңа ақша емес, тек тауарлар мен қызмет көрсету үшін электронды төлем енгізуді қарастырады. Бұл жұмысты Бейбітшілік кеңесі аясында әрекет ететін ұйымдармен бірлескен израильдік кәсіпкер өз мойнына алған. Сондай-ақ идеяны іске асыруға цифрлық қаржыға маманданған араб және палестиналық компаниялар тартылуы мүмкін. Бұдан бөлек аймақта қаржы, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға арналған айти-инфрақұрылым жасақталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz