RU
Толық нұсқаға өту

Перуде әскери тікұшақ құлады

24.02.2026, 10:00 162

Перуде әскери тікұшақ апатқа ұшырады.

ВВС-дің хабарлауынша, қайғылы оқиға су тасқынынан зардап шеккендерді құтқару операциясы кезінде болды. Әуе кемесінің сынықтары Чала ауданының аумағынан табылды. Құрбандар арасында 4 экипаж мүшесі, 3 жастағы сәби, тағы 6 бала мен 4 ересек адам бар. Елдің оңтүстігінде ақ жауын әлі толастар емес. 700 ауданда төтенше жағдай енгізілді. Тасқын салдарынан тағы 2 тұрғынның ажал құшқаны белгілі. Жүздеген үйді су шайып, жарамсыз болып қалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz