RU
Толық нұсқаға өту

Бразилияда лай көшкінінен 25 адам көз жұмды

25.02.2026, 09:30 179

Бразилияда жаңбыр жауып, кей жерде лай көшкініне ұласып, салдарынан 25 адам ажал құшты.

Бұл туралы «Рейтер» хабарлады. Құрбандардың 18-і Жуис-ди-Фора қаласының тұрғыны. Тағы 43-і із-түссіз жоғалып кеткен. Шаһардағы көп үйді су шайып, 440 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Мектептер жабылған. Үкімет қалада төтенше табиғи апат жағдайын жариялады. Жалпы қазір Бразилияның көп бөлігінде жауын-шашын маусымы жүріп жатыр. Бұл маусым әдетте желтоқсанда басталып, наурызға дейін жалғасады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz