АҚШ Венесуэладан ғаламдық нарықта сату үшін 80 млн баррель мұнай алды. Бұл туралы Дональд Трамп Конгреске жылдық жолдауында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Вашингтон Венесуэланың энергия ресурстарын экспорттауға бақылау орнатты, ал одан түскен қаржы осы елді қолдауға бағытталмақ. Ақшаны пайдалану АҚШ-тың арнайы шоттары арқылы іске асады. Трамп сондай-ақ жолдауда «Вашингтон әлемдегі қақтығыстарды реттеуге және батыс жартышарда ұлттық мүддені түрлі озбырлық, лаңкестік, есірткі қылмысынан қорғауда алда болуға ұмтылады» деп мәлімдеді. Дегенмен демократтар Трамптың жолдауы америкалықтардың жеке мәселесін шешуге бағытталмаған - деп сынады. Ал Трамптың жақтастары – республикалықтар керісінше «Трамп берген уәделерін орындап жатыр» деп жоғары бағалаған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Венесуэла #мұнай
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz